Халық қандай мәселенің шешімін асыға күтіп жүр? Блиц
Елді елең еткізген айшықты мәселелер Үкімет назарынан тыс қалмайды.
Мемлекет басшысы сол үшін Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Ал халық қандай мәселелердің шешімін асыға күтуде?
БЛИЦ:
- Алматының жолы нашарлау. Істейміз дегеніне мына 5-6 жыл болып қалды. Енді Президентіміз тапсырма берді, Алла жазса, сол істеліп қалатын шығар енді 1-2 жылдың шамасында. Жолға көңіл бөлгені дұрыс.
- Ойлаймыз енді жаңа машина шығарса дұрыс болады деп. Мынау Қостанайдағы киа, сосын Алматыдағы хёндэ, қытайлар. Жаңа машина, көлік керек бізге.
- Көп интернет провайдерлердің барлығы монополист. Монополияға бағынғандықтан интернеттің сапа жағы өте нашар. Президент енді нұсқау бергендіктен алдағы уақытта реттеледі деген ойдамыз.
- МӘМС жүйесін қайта қараған жөн деп ойлаймын. Президенттің бастамасын қолдаймын. Себебі көп адам қазір декреттегі аналарымыз бар, жұмыссыз әйелдерге көбіне қиындық туады. Себебі жұмыс істемейтін адамдарға міндетті түрде ай сайын 4250 тг төлеп отыру керек.