Шымкент көшелерін су басты

Шымкентте өткен түнде толассыз жауған жауын мен еріген қардың салдарынан көшелерді су басты, деп хабарлайды 24KZ.

Мегаполисте түні бойы су сору жұмыстары жүргізілді. Жеке тұрғын үйлердің ауласын су басып қалу қаупі туындады. Коммуналдық шаруашылық пен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы техникамен жаңа шағынаудандардағы еріген қарды қала сыртына шығарды. Тұрғындар бұндай жағдай жаңбыр жауған сайын қайталанатынын айтады. Алдағы күндері синоптиктер күн райы күрт жылынуы мүмкін екенін, ауа температурасы +17 градусқа дейін көтерілетінін айтады. Сондықтан барлық қызметтер жоғары дайындықта және қауіпті аймақтар үнемі бақылауда болады, - дейді мамандар.