₸44,6 млрд бюджетке қайтарылды
Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу барысында жыл басынан бастап заңсыз шығарылған 44,6 млрд теңге актив анықталып, мемлекет қазынасына қайтарылды.
Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді. Сондай-ақ ол елдегі кәсіпкерлерді қорғау мақсатында «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Осы уақытқа дейін 600-ден астам түйткілдің түйіні тарқатылып, 30 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетілген.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақытылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен байланысты екенін бәріміз білеміз.