Запастағы 600 офицер әскерге шақырылады
Биыл запастағы 600 офицер 24 айға Қарулы Күштер қатарына шақырылады, деп хабарлайды 24KZ.
Мұнда әскери қызметке жарамды әрі бұрын Отан алдындағы борышын атқармаған запастағы офицерлер алынады. Олар Қарулы Күштердегі бастапқы лауазымдарды жасақтау үшін қажет. Мамандар әсіресе әскери техникалық байланыс артиллериясы және авиациялық мамандықтар бойынша шақырылады.
Бақытжан Нұраханов,ҚР Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің бағыт аға офицері:
- Бұл запастағы офицерлер Қарулы Күштерге кіргеннен бастап толыққанды әскери қызметші болып, ақшалай үлеспен, киім-кешекпен, тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Запастағы офицерлер аумақтық принцип бойынша әскерге шақырылады, яғни бұл Алматыда тұратын болса, Алматыға жақын жерлерге шақырылады. Ақтауда тұратын болса, сол Ақтау, Маңғыстау облыстары маңайында әскер қатарына шақырылады.