Павлодарда Қ. Сәтбаевтың дауысы жазылған үнтаспа табылды

Ғалым Қазақ ССР-нің құрылғанына 40 жыл толуына орай 1959 жылы Мәскеуде және 1961 жылы Алматыдағы жиында сөз сөйлеген.

Даңқты тұлға «қазақ   даласында тұздан басқа қазба байлық жоқ» деген пікірмен келіспей, геологтардың Қазақстанда 200-ден аса кен орнын тапқанын мәлімдеген. Академик Екібастұздың сарқылмас кені әлем бойынша рекордтық қуаттылыққа ие болатынын біліп, әрі энергетиканың күретамырына айналатынын атап өткен. Үнтаспа қолөнерші, марқұм Бақыт Сағындықовтың жеке мұрағатында сақталған. Жақында туыстары шебердің құнды заттарын музейге тапсырды. 12 сәуірде Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлының туғанына 125 жыл толады.

Әлия Жомартова, Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы:

- Бұл біздің музейдің эксклюзивті жәдігері. Қазақстан ғылымы үшін өлшеусіз еңбек сіңірген атақты ғалым, жерлесіміздің дауысын есту біз үшін маңызды. Сіздер білесіздер Павлодар халқы даңқты тұлғамен мақтанады. Сондықтан бұл өте құнды және ерекше экспонат.