Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды

Олардың төртеуі шетел азаматы.

Таулы аймаққа бағыт алғандар Шымбұлақ ауылынан 8 шақырым жердегі шатқалда қалып қойған. Олар жел электр станциясын салу үшін ыңғайлы жер іздеуге шыққан. Бірақ көліктері бұзылып, қалыңдығы жарты метрге жететін омбы қарда тұрып қалған. 

Алмас Жұматаев, ТЖД басқарма бастығы:

- Хабарлама бойынша нөмірі 7-ші өрт сөндіру бөлімінен Трэкол арнайы автокөлігімен құтқару жұмыстарына жолданған. Құтқару жұмыстарының нәтижесінде 7 адам құтқарылып, оның ішінде Қытай халық республикасының азаматтары Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.