Майқайың маңындағы үйлерде сызат пайда болды
Майқайыңдағы апаттан соң кенішке жақын мандағы үйлерде жарықтар пайда болды.
Осыған байланысты сарапшылар жер қыртысын зерттеуге кірісті. Еске сала кетсек, Баянауыл ауданының әкімі 1 наурыздан бастап Майқайың кентінде техногенді сипатта төтенше жағдай жариялаған. Мұндай шешім жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төну ықтималдығы жоғары болғандықтан қабылданды. Әзірге кеніш аумағында құтқару жұмыстары тоқтап тұр.
Жасұлан Жұмашев, ТЖД бастығы:
- Бұл жекеменшікке тиесілі кәсіпорын. Олардың қашан келісім-шарт жасайтынын мен нақты айта алмаймын. Бұл жерде техникалық, технологиялық және қаржылық шешімдер бар. Оқиғадан министр хабардар. Жұмыс алаңы дайын болған күні құтқарушылар іске кіріседі
Қуаныш Ботин, "Майқайыңалтын" АҚ директоры:
- Жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір құтқару жұмыстарын жүргізу өте қиын. Себебі басқа адамдар зардап шегуі мүмкін. Сол себепті кәсіпорын жауапкершілікті өз мойнына ала алмайды.