Ұлттық құрылтай отырысы 15 наурызда өтеді
Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурызда Атырау қаласында өтеді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен алқалы жиын Түркістанда өткен болатын. Жалпы Ұлттық құрылтай осыдан екі жыл бұрын Президент жарлығымен құрылды. Алғашқы жиын Ұлытауда өтті. Онда көбіне ұлттық құндылықтарға негізделген мемлекеттің болашақ дамуы туралы ұсыныстар айтылған.