Президент Ғ. Қалиевтің отбасына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер, ғалым Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
«Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты», - делінген жеделхатта.