Ұлттық құрылтайда не айтылды?
Атырауда ұлттық құрылтай өтіп жатыр.
Алқалы жиын биыл амал мерекесімен тұспа-тұс келді. Демек, игі-жақсылар елдің даму барысын жыл басында саралайды. Атыраудағы отырыста бүгін 4 сессия өтеді. Қандай мәселе қаралып жатыр?
Бекзат Аманов, тілші:
- Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы. Келелі кеңес биыл тасын түртсең тарихы сөйлейтін шежірелі Атырау өңірінде өтіп жатыр. Бұл аймақтың таңдалуы тегін емес. Ежелде осында орналасқан Сарайшық қаласына қазақтың талай хандары ордасын тікті. Яғни бұл өңірде бұрыннан ұлт үшін өзекті шешімдер қабылданған.
Түске дейін құрылтайдың екі сессиясы өтті. Алқалы жиында бас қосқан азаматтар қазақтың мәдениеті мен руханияты, азаматтық қоғамды жетілдіруді талқылады. Мұнда құрылтай мүшелері лудомания мен діни теріс ағымдарға қатысты алаңдаушылығын білдірді. Сондай-ақ, әйел теңдігі мен адам құқығы да кеңінен талқыланды. Бұл мәселелерді заң тұрғысынан қатаң қадағалау керек дейді олар. Қош, қос сессияға біртіндеп тоқталайық. Мәдениет дегенде, ең алдымен, театр мен кино көзге елестейтіні анық. Осы сахна мен экран беті комедияға толғаны да көп талқыға салынды. Сала мамандарының пікіріне құлақ асайық.
Азамат Сатыбалды, Ұлттық құрылтай мүшесі
Бекзат Аманов, тілші:
- Ал екінші отырыста тұрмыстағы зорлық-зомбылық жайы сөз болды. Тақырып төңірегінде түрлі ұсыныстар айтылды. Бұл мәселе былтырғы құрылтайда да көтерілген, енді биыл да қатысушылар айрықша мән беріп отыр.
Айгүл Орынбек, Ұлттық құрылтай мүшесі
- Зорлық-зомбылық мәселесі бізде былтырдан бері қаншама парламент мінбесінде де көтерілді,қоғам талқысына да салынды. Бұның барлығында біз заңды шығару арқылы,заңды өзгерту арқылы қазіргі ұлттық құрылтай аясында көтерілген мәселелер осы былтыр көтердік Түркістан қаласында биыл заңға өзгерістер енді, заң жаңарды.
Бекзат Аманов, тілші:
Құрылтайдың алғашқы екі отырысында берілген ұсыныстар қаралып, бір парасы орындалды. Әр сұранысты қанағаттандыру үшін мемлекеттік органдар жауапты. Биыл да мәселелер қараусыз қалмайды. Көтерілген түйіткілдер қалай шешіледі? Құрылтай хатшысынан сұрап білдік.
Аида Балаева, Ұлттық құрылтайдың хатшысы
Ал дәл қазір Ұлттық құрылтайдың қалған екі сессиясы өтіп жатыр. Мұнда ғылым-білім һәм әлеуметтік мәселелер талқыланады. Ал негізгі отырыс ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.
Бекзат Аманов, Жандос Битабаров, Дулат Ентебеков