Жетісулықтар Амал мерекесін тойлап жатыр. LIVE
Амал мерекесі Жетісу облысында да таңертеңнен бері тойланып жатыр.
Өңірде ән шырқалып, би биленіп, қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар сияқты мыңнан аса шара ұйымдастырылды. Ең негізгісі Талдықорған төрінде өтті.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Талдықорғандағы Амал мерекесі Бикен Римова атындағы театр актерлерінің сахналық қойылымынан басталды. Өнер ұжымы атаулы күннің мән мағынасын ашатын көріністі көпшілік назарына ұсынды. Жастар үшін алтыбақан орнатылып, оркестрдың сүйемелдеуімен күмбірлеген күй шертілді. Қала тұрғындарына ән мен жырдан шашу шашылды. Мейрам облыс орталығымен қатар ауылдарда да тойланып жатыр.
Біз тұрған Қаратал ауданы Кәлпе елді мекенінде ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрі дәріптелді. Қыстан аман шыққан ағайын жасы үлкенге сәлем беріп, хал-жағдай сұрасып, батасын алды. Біз де көнекөз қариялардан бата сұрауды жөн көрдік. Ақсақал оразамен тұспа-тұс келген мейрамда дүйім жұртқа ақ тілегіңізді арнасаңыз.
Сайполла Ержанұлы, Кәлпе ауылының тұрғыны:
- Әумин. Айтқаныңыз келсін. Туған-туыстың бір-бірімен көрісіп, ауызбірлігін арттыратын, тәрбиелік мәні зор мерекеде кітап, сурет және қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Алтын қолды шеберлер жастарға ағаштан ою-оюды, темірден түйін түюді және зергерлік өнерімізді үйретіп жатыр. Ісмер әжелер де құрақ құрап, тігін тігуді көрсетті. Көрісу күні құтты болсын. Бүгінгі көрмеге қандай заттарыңызды алып келдіңіз?
Гүлшат Қызыр, ісмер:
- Шара соңында ағаш егіліп, қазақ күресінен Қаратал бөрісі турнирі өтеді. Ал ертең облыс көлемінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.