Қостанай облысының жолдарын су басты
Қостанай облысының Жанкелдин ауданында жергілікті маңыздағы екі жол учаскесін су басты, деп хабарлайды 24KZ.
Торғай-Ақшығанақ бағытындағы және Шұбалаң ауылынан Қарасуға баратын жолдың бірнеше жерін су жырып кеткен. Осы орайда ауылдарға қатынас үзілгені туралы ақпарат тараған еді. Алайда Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары оны жоққа шығарды. Айтуынша, судың жол үстімен өтіп жатқаны рас, бірақ көлік қатынасы үзілмеген.
Айдаралы Талпақов, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары:
- Бізде күннің еруіне байланысты Торғай-Ақшығанақ бағытындағы жолдың үстінен су өте бастады. Бірақ біз сол жерде жұмыс жасап, қазір ол бағыттағы жол үсті су өту тоқтады. Қатынас үзілген жоқ. Енді қазір бізде Шұбалаң-Қарасу бағытындағы жол, оны енді кеше өзім барып қарап келдім 32 шақырымға дейін. Қыста жаңбырдың мұз болып қатқаны, соның салдарынан су астына кете алмай, жолдың үстімен өтіп жатыр. Бригада жібердік қазір екі КАМАЗ, экскаватор, сол бағытта жұмыс істеп, жолды алып қаламыз деп жатырмыз. Бірақ қатынас үзілген жоқ.