Елордада ХЭО өңірлік форумы басталды
ТМД халқының 11% интернетке қол жеткізе алмай отыр.
Бұл туралы елордада басталған өңірлік форумда айтылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин форумның жаңа технологияларды талқылау және цифрлы экономиканы дамытудың бірлескен стратегияларын әзірлеуде жемісті алаңға айналатынына сенім білдірді.
Іс-шара одаққа мүше мемлекеттер, сектор мүшелері, серіктестер мен басқа да мүдделі тараптар арасында пікір алмасуға мүмкіндік береді. Мақсат – Кигал іс-қимыл жоспарында тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін сөзден іске көшіп, оларды нақты міндеттемелерге айналдыру.