Шымкентте жедел жәрдем көлігі екі есе қымбатқа алынған
Шымкентте жүздеген жедел жәрдем көлігі екі есе қымбат бағаға алынған.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде көліктерді жаңалау жобасы жүзеге асырылған. Алайда тексеру анықтағандай, бюджеттен 2,1 миллиард теңге артық аударылған. Осыған қарамастан денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы көліктерді қабылдап, қаржының игерілгені туралы есеп берген. Сот отырысында тергеу материалдары дәлелденді. Кәсіпкерге төленген қаражат мемлекет пайдасына қайтарылды.
Алексей Колосков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы орынбасарының м.а.:
- Аяқталған сотқа дейінгі іс жүргізу аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының құны асыра бағаланғаны анықталды. Осыған байланысты департаменттің ұсынымы бойынша әкімдіктің бейінді басқармасы сотқа тиісті талап қоюға бастамашылық жасап, жобаның құны 2,1 млрд теңгеге төмендету жағына өзгертілді.