Абай облысындағы екі ауылға су жайылды
Абай облысының Жаңа Семей ауданының Қаракөл ауылындағы бірнеше үйдің қора-қопсысын су басты.
Еріген қар суы елді мекенге Абай ауданы жақтан келген. «Семей-Қарауыл» автожолының үстіне су жайылғандықтан көлік қозғалысы уақытша шектелген. Қазіргі уақытта ауылда 10 адам мен 4 бірлік техника суды бұрып жатыр. Облыстық Төтенше жағдай департаментінен 4 арнайы техникасы мен 4 мотопомпа көмекке келді. Жарма ауданының Подхозное кентіндегі 3 үйдің ауласына да су кірді. Қазір мұнда 10 адам және 5 техника жұмыс істеп жатыр.
Қайрат Төлеғазинов, Жарма аудандық ТЖ бөлімінің бастығы:
- Қазіргі уақытта су басқан тұрғын үйлер жоқ. Жағдай нашарлай қалса ТЖД мен жергілікті атқарушы органдар күштерімен құралатын құрылымдар толығымен дайын. Барлығы 49 адам және де біріккен техникалар, тракторлар мен мотопомпалар дайын түрде.