ШҚО-дағы қауіпті өткел

Бұқтырма су қоймасындағы Қызыл ту өткелін кесіп өтпек болған жүргізушілерге айыппұл салына бастады.

Себебі күн жылынып, мұз көбесі сөгіле бастаған соң аталған учаске екі апта бұрын жабылған. Марқакөл мен Күршімге сапарлаған  барлық жолаушыға айналма жолмен баруға кеңес берілді. «Қазір мұз қабаты жұқа болғанымен паром жүргізуге ерте», - дейді мамандар. Бірақ ескертуді елемей, өмірін қатерге тігетіндер азаймай тұр. 

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД бас маманы.

- Осы бүгінге дейін бір адам айыппұлға тартылды, жауапкершілікке. Азаматтарға қандайда болған, тұрған, орнатылған осы тыйым салу белгілеріне немқұрайлы қарамай, өздерінің өмірлерін осы тәуекелге тікпеуді сұраймыз. Естеріңізге сала кететін болсақ, былтыр тура осы өткелде бір адам жаңағы,бір көлік су астына кетіп бір адам қайтыс болған болатын.