Ақтөбе облысына Маңғыстаудан құтқарушылар тобы жетті
Ақтөбе облысына көрші Маңғыстау өңірінен құтқарушылар тобы жетті.
Олар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді. Әсіресе, Темір ауданының орталығы Шұбар-құдық кентіндегі су тасқынына қарсы шараларды атқаруға атсалысады. Облыстық Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, қазір Темір ауданының орталығындағы жағдай тұрақты. 150-ден астам адам мен 30 техника жұмыс істеп жатыр. Су басқан үйлер мен аулалардан су аЙдау қарқын алған. Жағдайды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Өткен түнде Шалқар және Мұғалжар аудандарында 5 үйді су алып, бірнеше адам эвауацияланған. Жағабұлақ ауылында қардың еруінен бөлек, жауын-шашын көп түсіпті. Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі бар, сондықтан 74 адам эвакуацияланды.