400 мыңға жуық адам құмар ойынның қармағына ілінген

Елімізде 400 мыңдай адам букмекер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты. Бүгін төменгі палатада ойын бизнесі туралы заң жобасы таныстырылды. Депутаттар бұл құжатқа тез арада тиісті өзгертулер енгізіп қабылдамау қажет деді. Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен. Тіпті несие алып соңғы тиынына дейін ойынға салғандар азаймай отыр. Бұл мәселеге қатысты Президент Атыраудағы Ұлттық құрылтайда жеке тоқталып, бірқатар тапсырма берген болатын.

Елімізде ойынқұмарлық індеттей өршіп тұр. Тіпті, ел қауіпсіздігіне қатер төндіре бастады. Депутаттар осылай деп дабыл қағып отыр. Оның себебі де жоқ емес. Қазіргі таңда құмар ойындары жұртшылыққа қолжетімді бола түсті. Ойын ұйымдастырушылар интернетті де жаулаған. Депутаттардың дерегіне сүйенсек, кейінгі екі жарым жылда еліміздегі әрбір бесінші адамның ойынға әуестігі анықталған. Бұл бизнестегілердің қалтасы қалыңдағанмен, оған келгендердің жағдайы мәз емес. Шаңырақтың шайқалуына да көбіне лудомания себеп болады. Ал заң жобасында ең әуелі құмар ойынды жарнамалауға тыйым салынбақ. 

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазіргі заң жобасының аясында бірінші кезекте 25 жасқа дейінгі ойын шектейміз. Екінші үлкен проблема қазір мен сіздерге айтайын. Енді ер азаматтар біле жатар букмекерлік кеңселедре лудомандар аккаунт арқылы ойын ойнайды. Яғни өзінің емес жолдасының болса бір ағасының аккаунтынп өзінің картасы арқылы ақша сала береді. Екеуі бірге иденфикация жасалмаған. Сіз біреудің ойы өзіңіз. Сол сияқты ағаларының сондай аккаунттарын алып алады да, інілері өздері карточкаға салып толтыра береді. Осы мәселеге тоқсауыл қоямыз.

Қазір құмар ойындары жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, алдыңғы орынға шыққан. Сондықтан осы заң жобасы өте өзекті әрі қоғам үшін маңызды болып тұр. Бұл мәселені ел Президенті де бірнеше рет көтеріп, нақты тапсырма берді. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да, Ұлттық Құрылтайда қордаланған мәселеге ерекше тоқталған болатын.

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

«Шын мәнінде лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке қарай, күн сайын тарап жатады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді. Онлайн-ойындар балалардың күнделікті ермегіне айналып барады».

Қоғамның сыздаған жарасына айналған Лудоманиядан құтылудың бірден-бір жолы ол - Заң. Бұған қатысты  Мемлекет басшысы Үкіметке арнайы жоспар қабылдап, құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажеттігін тапсырған болатын. 

Зұлфухар Гаипов, ұлттық құрылтай  мүшесі:

- Әрине лудоманияның қазір қоғамға әкеліп жатқан зияны өте үлкен. Ол трагедия деп айтуға болады. Себебі құмар ойындарға байланысты елімізде болып жатқан қылмыстар көбірек осы құмар ойындарына байланысты және де көптеген отбасылардын бөлініуіде осы құмар ойындарға байланысты. Бұл заң өзектігі неде дегенде 350 мың адам бұл үлкен армия. Сол себептен де бұлардын артында үлкен отбасылар тұр, бұлардың артында үлкен тағдыр тұр. Сондықтанда бұл заң уақытыды қаралып жатыр және де президент ұсынғандай бұл заң тезірек қабылданса жаңағы дерттен айырыламыз. 

Құжат аясында заңсыз лотоматиктерге мүлдем тыйым салынады. Ойында бәс тігу жасы 21-ден 25 жасқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ білім беру, медициналық, діни және діни ұйымдар орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда лотерея билеттерін таратып, терминалдарын орнатуға болмайды. Жасөспірімдерді заңсыз ойынға мүмкіндік берген тұлғаларға қомақты көлемде айыппұл салынады. Бұдан бөлек онлайн казино ұйымдастырушылар қылмыстық жазаға тартылады.

Айнұр Қуатқызы, Арман Ақшабаев