Әскерилер су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмектесіп жатыр
Әскерилер су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмектесіп жатыр.
Қарулы күштердің жеке құрамы Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарына тартылды. Қостанай облысы Арқалық қаласынан 100 шақырымдық жердегі адамдар елордалық авиабазаның екі тікұшағымен көшірілді. Амангелді ауылының эвакуациялық пунктіне 39 адам жеткізілді, оның 17-сі бала. Ал Ақтөбе өңірінің Ойыл ауылынан құтқарушылар 74 адамды алып шықты. Батыс Қазақстан облысының Қоржын ауылынан әскери техника көмегімен 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Амангелді Макишев, ӘҚК Әскери институты бастығының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары:
- Екі тікұщақпен біз БҚО Қаратөбе ауданына келдік. Екі тікұшақпен біз 4 мәрте рейс жасадық. Оның ішінде 92 адам құтқардық. Оның 35-і бала. Қалғандары үлкен кісілер мен әйелдер.
Тұрсынбек Хайруллин, Қоржын ауылының тұрғыны: