Құтқарушылар Абай облысына аттанды
Жетісу облысының Төтетнше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Абай облысына аттанды.
6 көлікпен жолға шыққан 23 құтқарушы су басқан аймақтағы күштік құрылымдарға барып қосылады. Өздерімен бірге 4 үрле-мелі қайық, бірнеше су сорғысын және арнайы құралдарын алған мамандар, штаб тапсырмасына сәйкес құтқару және табиғи апат салдарын жою жұмыстарын жүргізеді.