Президент су тасқынына байланысты жиын өткізеді
Президент еліміздің бірқатар аймағындағы су тасқынына байланысты жиын өткізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың тасқын салдарын жою үшін атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс жасайды. Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады.