Елордада жас отбасыларға арналған тренинг өтті

Елордада некеге тұруға өтініш берген азаматтарға «Отбасын жоспарлау және отбасылық психология» тақырыбында тренинг өтті.

Шараға отау құруды жоспарлап жүрген 12 жұп және Астана мен Ақмола облысының отбасын қолдау орталықтарының 10 маманы қатысты. Жанұя құндылықтарын дәріптеуге бағытталған шарада құқықтық, қаржылық сауаттылық, репродуктивті денсаулық сынды түрлі тақырыптар қозғалды. Білікті мамандар қатысушылармен сұрақ-жауап, ойын ойнату форматында еркін пікір алмасты. Пилоттық жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, Біріккен Ұлттар Ұйымы қорымен бірлесіп іске асып жатыр.

Аймұрат Жарылқасым, қатысушы:

- Осы тренинг арқылы, осы семинар арқылы біздің болашақ  отбасы құрудағы мақсатымызды жетілдіру, оған саналы түрде бару, осы мақсатта келдік. Мұндай тренингтар жас отбасыларға, отбасын енді құрған азаматтарға, құрайын деп жатқан азаматтарға өте пайдалы. Себебі, бұл арқылы ол өз өмірін жоспарлай алады, жасап жатқан істеріне нық қадаммен, нық мақсатпен барады.

Мадина Төлепберген, қатысушы:

- Әр адам отбасы болады. Бұл өте қажетті нәрсе. Біз өзіміз келіп отырмыз. Осы жерден көптеген білім алып кетемін деген мақсатта келіп отырмын.