Қоғамдық қауіпсіздік қатаң бақылауда

Атырау облысы Жылыой ауданында ешқандай ұрлық дерегі тіркелген жоқ.

Қазір 225 полиция қызметкері және 125 Ұлттық ұлан сарбазы қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары суға кеткен ықшам аудандар мен елді мекендерде күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.

Әбдіғани Сейдуәлиев, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Бұлардың басты міндеті – қазіргі таңда су алған мөлтек аудандар мен ауылдарда қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету. Яғни ұрлыққа жол бермеу, тонауға жол бермеу. Екі ауысымда жұмыс атқарудамыз күндіз-түні. Қазіргі таңда егқандай ұрлық фактісіне, тонау фактілеріне жол берілген жоқ.