СҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары жүріп жатыр

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысындағы су басу қаупі жоғары аймақтарды аралап жүр.

«Жүректен жүрекке» жобасы аясында олар Рузаев ауылына барды. Қазір елді мекендегі жағдай тұрақты. Мұнда 80 адамға шақталған екі эвакуациялық орын бар. Оннан астам құтқарушы ауыл шетіндегі өзеннің деңгейін бақылап, бөгеттерді нығайтқан. Үш мыңға жуық тұрғыны бар ауылда 70-тен астам үйді су басу қаупі бар.

Акбаржон Исмаилов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Алдын ала профилактикалық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Оған біздің еріктілеріміз белсенді қатысып жатыр.  Кеше де Солтүстік Қазақстан облысындағы Тепличный ауылында еріктілер белсенді қатысып, көмегін берді. Оның ішінде 150 адамға, оныі ішінде төтенше жағдай қызметінің мамадарына ас дайындап берді. Бүгін де осы Рузаевка ауылнда еріктілер көмектесіп, кешке ас дайындайды.