Бұрынғы бөгеттерді қалпына келтіру ұсынылды
Елді мекендерді тасқын суынан қорғайтын дамбыларды қайта қалпына келтіру керек. Мұндай бөгеттер бұрын болған. Қазір көпшілігі жойылып кеткен.
Су шаруашылығының білікті мамандары тиісті қаржы бөліп, бұл істі жедел қолға алу қажеттігін айтады.
Абай облысы Көкпекті ауданындағы 3 елді мекенге қарғын су қауіп төндірген еді. Дер кезінде атқарылған шаралардың арқасында тасқынның беті қайтты. Сала басшыларының пікірінше, су басу қаупі бар ауылдардың барлығына шұғыл түрде бөгет тұрғызу керек. Сонда халық та әбігерге түспейді, мемлекеттің қаржысы да босқа шығындалмайды.
Ділдәбек Оразбаев, Көкпекті ауданының әкімі:
- Дамбылар болған. Сол дамбылардың барлығы бұрын 2 метр болғандары, қазір жарты-ақ метр болып тұр. Әрі кетсе 2-3 километр дамбы салсақ, оған 100-150 миллион ақша кетеді. Көп кетпейді оған. Көкжайық ауылында 270 үй тұрады. Егер кеше сол 270 үй судың астында қалғанда, мен есептеп отырмын шамалап, 1 үйге 15-20 миллион ақша керек. Оны есептедік. 500-600 миллион ақша кетеді. Одан басқа қора-қопсысы бар. 1 миллиардқа жуық ақша кетіп қалар еді.