Қырғыз көмегі Қостанайға жетті
Қырғыз ағайындар осыған дейін Қазақстанға 300 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберген болатын.
Соның бір бөлігі бүгін Қостанайға келіп жетті. Қазір сол жерде жүрген әріптесім Мерей Қанапия тікелей эфирге қосылуға дайын.
Қазір қаладағы волонтерлік штабтардың біріндеміз. Осы сәтте көршілес қырғыз елінен 3 ауыр жүк көлігі келіп жетті. Шамамен бұл 40 тоннадай гуманитарлық көмек. Қазір жанымда қырғызстандық өкіл Мирзат Медетканов тұр.
- Қанша уақытта келіп жеттіңіздер? Қырғыз ағайындардың белсенділігі қалай?
Мирзат Медетканов, Қырғызстаннан келген өкіл:
- Мирзат сұхбатыңызға көп рақмет!
Сондай-ақ қазір облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали осында жүр.
- Қанша волонтерлік штаб бар қалада? Қай өңірлер көмек жіберіп жатыр?
Ринат Мұхаметқали, облыс әкімінің орынбасары:
- Рахмет!
Қостанайға Алматы, Астана, Қарағандыдан төтеншелік қызметкерлер келген. Ал қызылордалық мамандар Ақтөбедегі жұмыстарын аяқтаған соң бірден осында жұмылдырылатын болды.
Сондай-ақ, облыста санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы жергілікті СЭС мамандары хабарлады. Олар тасқын су аймақтарына барып, мониторинг жүргізген. Нәтижесінде су арқылы жұғатын вирустық инфекциялар тіркелмеген. Сондықтан бұл тұрғыда алаңдауға еш негіз жоқ дейді мамандар.
Мерей Қанапия, 24.KZ, Қостанай облысы