Ақтөбеде ауызсудан қауіп жоқ

Ауызсудан қауіп жоқ.

Бұл туралы Ақтөбенің су басқан аумақтарынан сынама алып, зерттеп жүрген мамандар мәлімдеп отыр. Эпидемиологтар орталықтандырылған су желісі бар бау-бақша ұжымдары мен елді мекендердегі тіршілік көзін апта сайын тексеруді қолға алған. Бұған дейін микробиологиялық және химиялық көрсеткіштер бойынша алынған 30 сынаманың қортындысы су сапасының талапқа сай екендігін көрсеткен. Бұдан өзге, қаладағы оннан астам эвакуациялық пункттің тамақ өнімдері де тұрақты бақылауда. Ал төтенше жағдай жарияланған облыс аудандарында 600-ге жуық сынама алынып, тексерілген. Әзірге күмән туғызатындай дерек жоқ. Дегенмен, мамандар су тасқыны кезеңі өткен соң да, сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.

Жансерік Құлманов, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының орынбасары:

- Сынама санитарлық-химиялық, органолептикалық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеріледі. Атап айтқанда, су құрамының тазалығы, бактерия және нитраттың бар-жоғы қаралады. Нәтижесі жақсы. Су сапасында күдік туғызатын ештеңе жоқ. Бұл жұмыс тұрақты жүргіліп отырады.