ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы 53 операция жүргізді

ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы 53 операция жүргізді
www.gov.kz

2024 жылғы бірінші тоқсанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция, оның ішінде 16-ын шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізді.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізуарнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.

Жалпы айналымнан 800 кг-нан астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тоннакөкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.

Алынған есірткі құны «қара нарықта» 5 млрд теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 млн бір реттік дозаны құрайды.

ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 Қазақстан азаматы мен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеп тексерулер жүргізіп жатыр.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті