Ұлытау халқы жомарттық танытты
Ұлытаулықтар Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды 24KZ.
Осылайша, аймақтар біріне бірі демеу болып жатыр. Жезқазғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» жобасы аясында «Жомарт жан» орталығы құрылған. Онда жиналған 40 тонна азық-түлік, киім-кешек пен өзге де тұрмыстық заттар Қостанайға жөнелтілді.