Президент өңірлер мен қала аумақтарын көгалдандыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында елді көгалдандыру жайын да тапсырды.

Тасқын жүрген аумақты қоқыстан, қираған үйлер мен құрылыстардың үйінділерінен тазарту қажеттігі айтылды. Президент «Таза Қазақстан» науқаны басталғанын, бұл бірреттік шара емес екенін ескертті. «Сондықтан тұтас елді көгалдандыру ісіне мән беріп, өңірлер мен қалалар аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.    

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Су тасқынына ұшырамаған өңірлерде менің тапсырмаммен «Таза Қазақстан» науқаны басталды. Мен әкімдердің бәріне бұл бірреттік науқан емес екенін ескерттім. Басқаша айтқанда, сенбілікке шығып, жұмыс істеген  сыңай танытып, көзбояушылық жасауға болмайды. Көршілес елдердегі секілді бізге де Қазақстанды көгалдандыру, өңірлер мен қалалардың аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек.