Жылыой ауданында жағдай тұрақталып келеді. LIVE
Жылыой ауданындағы жағдай тұрақталып келеді.
Қазір Құлсары қаласында су сору жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін Мәжіліс депутаттары Жылыой ауданына барып, жағдаймен танысты.
Жылыой ауданынан 29 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланды. Қазір қалада су сору жұмыстарына 80-ге тарта техника жұмылдырылған. Кеше 5 мың текше метрден аса су шығарылды. Бұл жұмыстар бүгін де екі ауысыммен жалғасып жатыр. Мәжіліс депутаттары енді халықтың талап тілегін тыңдап, Мәжіліс қабырғасында көтереміз, дейді. Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың халық қалаулыларынан үміті көп.