Батыс Қазақстан облысында ауызсудың сапасына бақылау күшейді
Су тасқыны басталғаннан бері облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің мамандары 800-дей сынама алып, судың құрамына микробиологиялық талдау жасаған.
Қауіпті ауру қоздырғыштары анықталмаған. «Сонымен қатар уақытша паналау орындарындағы эпидемиологиялық ахуал, тағам сапасы да күнделікті назарда», - дейді департамент басшылығы. Қазір 19 эвакуациялық пункте екі мыңдай адам орналасқан.
Гүлдана Кереева, БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Тәулік бойы кезекшілік кезінде мамандармен адамдар тұратын жерінде тамақтануы, ауызсу режиміне санитарлық-дезинфекциялық режиміне аса көңіл бөлінеді. Халыққа айтарымыз, осы су тасқыны кезінде ауызсуды бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалануға кеңес береміз. Сонымен қатар су тасқыны кезінде адамдардың инфекциялық аурулар, ішінде ішек аурулары, гепатит ауруларымен ауыру қаупі бар.