Түркістаннан Атырау өңіріне 100-ден астам арнайы техника жіберілді

Қазір су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған аймаққа экскаватор, кран, манипулятор, жүк көтергіш және топырақ таситын жүк көліктері тасқын судан қорғану жұмыстарына ауадай қажет.

Игі іске жергілікті ірі мекемелер де атсалысып, өз техникаларын ұсынды. Түркістан теміржол вокзалынан Батыс Қазақстан бағытына екі жолаушылар вагоны мен инженерлік жабдықтары бар 36 платформадан тұратын пойыз жолға шығады.

Санжар Бөрлібаев, облыстық жұмылдыру даярлығының басшысы:

- Кеше кешке 21:00-де басталды. Қазіргі таңда тиелу процесі жүріп жатыр. Техникалардың барлығы 2 күн шамасында Атырау қаласына жететін болады. Қазір жұмыс тоқталмай жүріп жатыр.