Таразда 5 мың адам сенбілікке шықты
Шаһардың 11 округ тұрғындары аулаларын тазартты.
Ал мемлекеттік қызметшілер мен жастар Саңырық батыр скверіне 410 дана ағаш екті. Жалпы биыл көше бойы мен саябақтарға 19 мыңнан аса тал егу жоспарланған. Олардың басым бөлігі жөке, бөртегүл сынды гүлдейтін және көлеңкелі қарағаштар. «Таза Қазақстан» акциясына апта сайын шамамен 50 мың облыс тұрғыны жұмылдырылмақ.
Қайрат Исмаил, қала әкімінің орынбасары:
- Әлеуметтік желілерге қай жерде тал отырғызатынымызды, қандай тазалық жұмыстарын жүргізетінімізді жариялап отырмыз. Бұнда кез-келген осы қаланның тұрғыны ат салысып өзінің үлесін қоса алады. Бұл – тазалық. Яғни қала өзімізге ортақ өзіміздің ортақ мекеніміз. Сондықтан әрбір тұрғын осындай сауапты жұмыстардан шет қалмай өз үлесін қосатын мүмкіндік.
Аманжол Аманбаев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері:
- Жамбылда зауыттар көп. Сол зауыттардан экология таза болу үшін тал көп керек бізге. Бұны енді бәрін отырғызуын отырғызып жатырмыз, бұның күтіп баптауы қалай болады деген, оны да біз ойлауымыз керек. Егер жаздыгүні талдың бәрін суарып тұратын болсақ, бұл талдың бәрі көктеп өніп келешек ұрпаққа қалады.