БҚО-дағы ауылдарда 26 шақырымдық дамба салынып жатыр
Жайықтың суы алдымен Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, одан кейін Бәйтерек ауданына келеді деп күтіліп отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Өзен жағасындағы 7 ауылдық округтің 20 елді мекенінде 22 мың халық тұрады. Ауылдарда 26 шақырым болатын дамба салынып жатыр. 150 арнайы техника күні-түн бөгеттерді биіктетіп жатыр. Мыңнан астам еріктіден бөлек, Қорғаныс министрлігінің 350 әскери қызметкері тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылды. Қазір әр елді мекенде уақытша паналау орындары ашылып, қажетті азық-түлік, көрпе-төсек жеткізілді.
Ерлан Ғалиев, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары:
- Көліктер ұйымдастырылды, мал қауіпсіз жерге шығарылды. Одан бөлек, әлеуметтік нысандар бар, екіқабатты мектептер бар, мәдениет үйлері бар. Сол жерден арнайы кабинеттер бөлінді. Азаматтардың тоңазытқыштары бар, теледидары, тағы басқа дүние-мүліктері болса. Жергілікті әкімдіктердің бәрі көліктер ұйымдастырды, сол жерге шығару туралы.