Қостанай облысында мамандар топырақ пен суды тексеріп жатыр

Қостанай облысында эпидемиолог мамандар топырақ пен суды тексеріп жатыр.

«Тасқыннан кейін түрлі инфекция қоздырғыштары көбеюі мүмкін. Сондықтан, бақылау күшейді. Күн сайын сынама алынып, зертханалық тексеру жүргізіледі. Әсіресе өзендер мен орталық су жүйелері ерекше бақылауға алынды. Бүгінге дейін жеті жүзге жуық сынама алынды. Әзірге бактериологиялық көрсеткіштер қалыпты», - дейді мамандар. Дегенмен, тасқын жүрген аудандар мен қалаларда суды зарарсыздандыру жүргізіледі.

Бауыржан Баймұхаметов, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Талдау қорытындысы бойынша біз орташа жылдық статистиканы ескереміз. Барлығы қалыпты шекте. Кішкене ауытқулар бар. Бірақ эпидемиялық тұрғыдан су қауіпсіз. Қазір суда аздаған лай бар. Ол су тасқынына байланысты. Жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында су жүйелерінде хлорлау жүргізіледі.