Медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған заң
Медицина қызметкерлерінің балаларын тұрғылықты жерінде мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау кезінде басымдық беріледі.
Ақ халаттылар кәсіби қызметінде заңмен қорғалады. Мамандығы бойынша әскери қызметін өтей алады немесе әскерге шақыртуды кейінге қалдыру құқығы беріледі. Аса тапшы мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері, ауылдық елдімекендерде 5 жыл жұмыс істеуге келгенде, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем жасалады. Мұның бәрі денсаулық сақтау мәселелері туралы, Заңда жазылған. Тиісті заңға Президент қол қойды. Енді "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы беріледі. Дәрігерлер басы артық есеп беру ісінен де босатылады. Заң жастар арасында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және, оған қарсы күресу үшін, жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған.