Су тасқынынан зардап шеккен 21 494 адам өз үйіне оралды
Осы сағатта 21 494 адам өз үйіне оралды. 8 786 адам, оның ішінде 3 814 бала эвакуациялау пункттерінде жатыр.
Жалпы су тасқыны басталғалы 118 507 адам, оның ішінде 44 407 бала эвакуацияланды. Ресей жағынан Жайық және Есіл өзендерінің арналарында, судың көтерілуіне байланысты Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары ерекше бақылауға алынды. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 862 жеке тұрғын үй, 1 065 аула су астында қалды. Зардап шеккен өңірлерге теміржол, авто көліктермен және әуе кемелерімен 5 029 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. 61 автожолды су шайып кетті. 10 көпір бүлінді. 44 елді мекенде, көлік қатынасы жоқ. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 31 942 адам, 4 593 техника, 797 су сору құралы, 325 жүзу құралы,14 әуе кемесі жұмылдырылды.