«Жүректен жүрекке» акциясы аясында Петропавлға көмек жіберілді
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Петропавлға 3 тонна гуманитарлық көмек жолға шықты, деп хабарлайды 24KZ.
Этномәдени бірлестік өкілдері мен кәсіпкерлер су басқан аумақтағы тұрғындарға азық-түлік, киім-кешек пен тұрмыстық тауарларды жөнелтті. Бүгінге дейін су басқан өңірлерге достық үйлерінен 700 млн теңгеден астам қаражатқа көмек жіберілген. 12 мыңға жуық волонтер қызмет көрсетіп жатыр.
Акбаржон Исмаилов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
- Қазақстан халқы ассамблеясынан «Жүректен жүрекке» акциясының аясында қазіргі кезде 1100 тонна гуманиитарлық көмек жіберілді. Сомасы 750 млн-нан асты. Тек гуманитарлық көмек емес, өз техникасы, экскаваторы бар кәсіпкерлер көмек беріп жатыр. Су басқан өңірлерде күнделікті 1000-2000 адамға төтенше жағдай қызметкерлеріне, волонтерлерге ыстық тамақ береміз.