Оралда саяжайларды су басты
Жайықта су деңгейі көтеріліп, Орал қаласының маңындағы саяжайларды су басты.
Қазір қарғын судың алдын алуға Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Астана қаласынан келген құтқарушылар және әскери қызметшілер жұмылдырылды. Айта кетейік, бұл аймақтың тұрғандары алдын ала эвакуацияланған болатын. Дегенмен, баспанасын тастап кетуден бастартқандар да бар.
Амангелді Ешмұханов, Орал қаласының ТЖБ бастығы:
- Қазір Зашаған кентінде құтқарушылар тасқынға тосқауыл қою үшін қарқынды қызмет етуде. Тұрғындарды алдын ала эвакуациялаған болатынбыз, алайда өз еркімен қауіпсіз аймаққа көшуден бастартқан тұрғындар бар. Жергілікті полициямен бірге оларды көшірумен айналысып жатырмыз.
Қалияр Айтмұхамбетов, облыс әкімінің орынбасары&
- Қаланың айналасындағы саяжайларға мүлдем ешқандай тосқауыл қоюға болмайды. Олардың бәрі су басатын орындарда тұир. Біздердің басты мақсатымыз қазір қаланы қорғау. Жоғарыда айттым 35 шақырым қорғау бөгеттері орнатылды. Оны 24 учаскіге бердік, 24 учаскіде кезекшілік ұйымдастырып, келген қарулы күштердің адамдарынан, волонтерлардан жұмыстарды ұйымдастырып, нығайту жұмыстары әлі де жалғасуда.