Өскеменде 35 үйге жөндеу жүргізіледі
Өскеменде 50 жыл бұрын салынған үйлердің қасбеті жаңартылып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Биыл 35 үйге жөндеу жүргізіледі. Жалпы 800-ден астам үйдің қасбетін жаңарту жоспарланған. Қазір облыс орталығында үйлердің бірыңғай дизайны әзірленіп жатыр. Әр шағын ауданның сәулеті әртүрлі болады. Бір үйдің қасбетін жаңарту құны шамамен 20 млн теңге. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Мердігерлер 3 жыл кепілдік береді.
Қымбат Әбішева, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Тұрғын үй қатынастар бөлімі қала бойынша 1800-ден астам көппәтерлі үй бар деп қарап отыр. Уақыт өте келе біртіндеп осы үйлердің бәріне осындай бірыңғай сәулет беріп және адамдарға тұруына жақсы жағдай жасаймыз деген үміттеміз.