Су тасқыны: 38 мыңнан астам адам үйіне оралды

Өткен тәулікте Атырау облысының Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан астам бөгет салынды.

Құлсары қаласында 207 мың текше метрден астам су сорылды. Облыста судың деңгейін бақылау жалғасады, оған дрон қолданылып жатыр. Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді. Республика бойынша 38 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған, эвакуациялау пункттерінде 6726 адам бар.

Ауа райы құбылмалы болады

Қазгидромет мамандарының болжауынша алдағы тәуліктерде ауа райы тұрақсыз болады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақта найзағай жарқылдап, жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда күн ашық болады. Ал еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.