Жамбыл облысындағы көптен күткен спорт нысаны ашылады
Жамбыл облысы Жуалы ауданында құрылысы былтыр аяқталса да бос тұрған спорт залы бар.
111 миллион теңге жұмсалған ғимарат әлі күнге ешқандай мекеменің құзырына өтпеген. Салдарынан ауыл балалары мектептің тар залында жаттығуға мәжбүр.
Жуалы ауданындағы Кәріқорған ауылының балалары күрес, кикбоксинг, бокс сынды үйірмелермен мектептің спорт залында айналысады. Бірақ мектептің шағын залы 40 спортшыға тарлық етеді. Сондықтан ауылдықтар жаңа ғимарат сұраған. Жергілікті билік елді мекендегі ескі дүкенді жөндеуге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы бөлген. Бірақ біткен құрылыстың сапасы тұрғындар көңілінен шықпай отыр.
Дәурен Үсіпбеков Кәріқорған ауылының тұрғыны:
- Басында смета жасағанда дұрыс жасамаған деді ғой. Канализация жасалмаған, әшейін дуалдан шығарып тастап кеткен. Анау кезде келді комиссия Тараздан көрді. Соны қабылдаамай отыр ғой ешқандай бұл жерде қарауыл да жоқ. Мынаны бір күрі біреу қиратады. Или тонап кетеді бірбәле болады бұл жерде Құдай біледі. Қарауыл жоқ. Еш жерде баланста жоқ, ауада тұр.
Аудандық спорт бөлімінің басшысы құрылыстың созылуына ауа райы мұрсат бермеді дейді. Одан соң 3 ай бұрын бітіп тұрған нысанды облыстық спорт басқрама теңгеріміне алуы керек болған. Бірақ басқарма мамандары құжаттама жұмыстарын жүргізбеген. Енді спорт бөлімі нысанды өз баланысына алуды жоспарлап отыр. Ал құрылыс кемшіліктерін мердігер компания кепілдік аясында қайта жөндеп береді.
Мақсұтбек Арзымбетов Жуалы аудандық спорт бөлімінің басшысы:
- Бәрін бітті. Енді бұл жерде жаңағы бір екі жұмыстары қалды. Бірақ оны мердігерлер күн жылынса қалғанын жаңағы сыртта тұрған брусчатка майда шүйделерін оны осы күн жылығаннан кейін істеп береміз деп отыр. Оларға ешқандай неміз жоқ. Енді осы уақытқа дейін жаңағы облыс спортының басқармасын балансына береміз деп отыр едік, оған ол кісілер отказ бергеннен кейін енді аудан теңгеріміне алсақ па деп отырмыз.
Жергілікті билік енді штат санын нақтылап, бюджеттік өтінім бермек. Ұсыныс аудандық мәслихатта мақұлданса, ауыл балалары бір айдан соң жаңа ғимаратта шыныға алады. Айта кетерлігі Жуалы ауданының орталығында сақалды құрылысқа айналған тағы бір спорт кешені бар. Нысан құрылысы 2021-жылы басталған. Бірақ жобаны ұтып алған компания құрылысты бастап кейін жарты жолдан тастап кеткен. Мердігерді сотқа берген аудан әкімдігі ақыры жеңіске жетті. Сот шешімімен құрылыс компаниясы мемлекетке 64 миллион теңге қайтарады. Ал спорт кешенін басқа мердігер аяқтап, биыл пайдалануға беретін болды.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә