Тасқыннан зардап шеккен 13 мың отбасы мемлекеттен қолдау алды
Су тасқынынан кейін Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да бірқатар облыста арнайы комиссиялар тұрғындардан 22 жарым мың өтінім қабылдады.
Бүгін алынған дерек бойынша, 13 259 отбасы 4,8 млрд теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды. Ал мал шығыны үшін төленетін өтемақы көлемі 278 млн теңгеге жетті. Зардап шеккен азаматтарға шығынды өтеу шаралары жалғасуда. Ел Үкіметі бұл жұмысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырып жатыр. Қазір өңірлерде 4 мыңға жуық үй тексеріліп, 2649 нысан бағалаудан өтті. 524 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 670 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.