«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Тараздық бүлдіршіндер де тал екті.

Экологиялық шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов пен Ассамблея мүшелері қатысты. Олар бүлдіршіндермен бірге балабақша аумағында бейбітшіліктің символы болған Бәйтерек талын отырғызды. Ұйымдастырушылар осылайша, «Абаттандыру арқылы жас ұрпақ бойына патриоттық сезімді дарытып, республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсетіп жатырмыз», - дейді. Айта кетейін, биыл Таразда бас-аяғы 40 мың түп тал егіледі.

Лугмар Буларов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Бұл акция бір күндік болмауы керек. Тазалық деген ұғымды әдетке айналдырғанымыз абзал. Әр тұрғын тазалықты өз ауласынан, өз көшесінен бастаса, сонда ғана қаламыз әсем әрі таза болады. Бала көргенін істейді, содан тәлім алады. Сондықтан бүгін балабақшаға арнайы келіп, үлгі көрсетіп отырмыз.