Жетісу облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Наурыз айынан бері 400-ден аса жас еліміздің қарулы күштері қатарына қосылған.

Қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері тағы осынша адамды әскер сапына алуды жоспарлап отыр. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандар үшін Талдықорғанда салтанатты жиын өткізілді. Оған ата-аналар, мектеп оқушылары мен кадет сыныптары арнайы шақыртылды. Көпшілік назарына әскери техника көрмесі ұсынылып, қоян-қолтық ұрыстың әдіс тәсілдері көрсетілді. «Жасөспірімдердің әскери салаға қызығушылығын оятып, бойына ұлтжандылық қасиетті сіңіру бағытындағы мұндай жұмыс өз нәтижесін беріп келеді», - дейді мамандар. 

Медет Медетбек, әскерге шақырылушы:

- Ер жігіттің Отан алдындағы міндетін атқару үлкен абырой міндет. Сол үшін мен өзімнің әскери борышымды өткеруге өз еркіммен кетіп барамын.

Марат Тұрыскелдиев, Жетісу облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы:

- Жетісу облысы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша әскер қатарына жіберу жағынан Қазақстан бойынша екінші орын иеленді. Өткен жылы үшінші орын болған. Ақырын ақырын бірінші орынға көтеріліп келе жатырмыз. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша алдымызға қойған жоспарымыз Қазақстан бойынша бірінші орын алу.