Көкшетауда судан зардап шеккен 89 отбасыға жаңа баспана беріледі
Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 89 отбасыға жаңа баспана беріледі.
Қазір 11 жанұя қоныс тойын тойлады. Қалғандары жақын арада көшіп келеді, дейді жергілікті билік өкілдері. Сонымен қатар 100-ге жуық адам өтемақы алады. Бұл мақсатта қалалық қазынадан 49 миллион теңге бөлініп отыр. Еске сала кетейік, наурыз айының соңында қала ортасымен ағатын Қылшақты өзені арнасынан асып, 100-ден астам үйді су басып қалған.
Қали Ахметов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
- Үш жүз алпыс сегіз адам 100 айлық есептік мөлшерінде алды. Төлем 135 миллион 900 мың теңге бөлінді. Олардың есеп-шоттарына түсті. Материалдық зардап шеккендерден арыз қабылдау тоқтатылды. Енді бағалаушы бағалауын жүргізгеннен кейін, комиссия шешім қабылдайды.