Қостанай облысында судан зақымданған үйлердің 95% тексерілді

Қостанай облысында су тасқынынан зақымданған үйлердің 95%-ы тексерілді.

Олардың 796-сы жөндеуді қажет етсе, 473-ін қалпына келтіру мүмкін емес. Өңір әкімі Құмар Ақсақалов Үкімет басшысына қазіргі жұмыс барысын баяндады. Айтуынша, бұған дейін әлеуметтік қолдау аясында 4097 отбасы жалпы сомасы 1,5 млрд теңге көлемінде бір жолғы көмек алған. Ал тұруға жарамсыз үй иелеріне баспана сатып алу немесе көп пәтерлі және жеке тұрғын үй салу көзделген. Сондай-ақ облыс әкімі 2020 бас мал шығынын өтеуге 855 млн теңгеден астам төлем жасалғанын айтты. Ал Премьер-Министр Олжас Бектенов қалған үйлерді тексеру жұмыстарын қысқа мерзім ішінде аяқтауды тапсырды.