Қобда ауданында 97 үй салынып жатыр
Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына 97 үй салынып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Құрылыс жұмыстарына 15 компания жауапты. Бір ғана Жарық ауылында су басқан 25 баспананың 24-і тұруға қауіпті деп танылған. Енді тұрғындар жаңа үйлерге көшіріледі.
Бүгін облыс әкімі Қобда және Жарық ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Асхат Шахаров құрылыс жұмыстары жаздың ортасына дейін аяқталу керектігін ескертті.