Шығыста жол салатын маман жетіспейді

Шығыс Қазақстанда мыңға жуық жол маманы жетіспейді.

Бірнеше ірі құрылыс жүріп жатқан өлке үшін бұл өзекті мәселе. Сондықтан кәсіптік бағдар беруге күш салынады.

Сарапшылар жергілікті уинверситетте көлік құрылыс мамандарын даярлау бағдарламасы ашылса, кадр тапшылығын шешуге болады- деп отыр.

Шығыс Қазақстанда биыл 600 шақырым жол жөнделеді. Бұл былтыремн салыстырғанда екі есе көп. Нағыз қарбалас шақта маман тапшылығы кедергі келтіріп отыр.

Айдын Нұралдинов, "Қажсервис" жол қызметінің бас инженері:

- Жалпы біздің саламызға жолшылар, көпір салушылар жетіспейді мекемемізге келетін болсақ кәдімгі жол жұмысшысы жетіспейді, трактор тебетін, автогрейдер тебетін механизаторлар жетіспейді.

- Вот это основа дорожного покрытия. Потом используется мелкий заполнитель.

Кадр жетіспейтін себебі бұл мамандықты таңдайтындар аз. Облыстағы техникалық университеттің үшінші курсында небәрі 8 студент біліп алып жүр. Себебі біраз жылдан бері бұл мамандық жалпы құрылыс саласының бір тармағы ретінде оқытылды. Дегенмен биыл Көлік Министрлігінің бастамасымен, білім бағдарламасы қайта жанданып, мыңға жуық грант бөлінетін болды. 

Айбек Ақаев, Д. Серікбаев атындағы  ШҚТУ сәулет- құрылыс және энергетика мектебінің директоры:

- Өзгертулер арқасында тек бірінші курсқа ғана 50 стдунет  қабылдамақ ойымыз бар, бұл осы мамандыққа деген қызығушылықты арттырып, осындай мамандарды дайындау бойынша  ары қарай бағытты дамытып, терең білім алуға көмектеседі деп ойлаймын.

Өзгерісті естіген жол-құрылыс саласының кәсіби қызметкерлері  мектептерді аралап, мамандықтың һқыр-сырын түсіндіруге кірісті. Өйткені жол бойында жұмыс істеу тек күрек ұстап, асфальт төсеу дегенді ғана білдірмейді. Жолды салу да, оны күту де үлкен шаруа, қала берді ғылым, дейді сарапшылар. 

Саяхат Мұсапыров, ШҚО "Жол активтері сапасының" ұлттық орталығы" бөлім басшысы:

- Жоғарғы оқу орнын бітірген соң инженер зертханашы ретінде жұмыс істейді, жаңа технология енгізілгеннен кейін, IT мамандар да қажет яғни бұл салада да цифрландыру жұмыстары да атқарылуда.

Ал туған өлкесіне сапалы жол төсейм дегендерге жұмыс жетеді, дейді сала мамандары. Облыста Омбы - Майқапшағай, Алматы - Өскемен, Осинов асуы сынды ауқымды құрылыс жүріп жатыр.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов